2023 жылғы 20 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясынд колледжде оқ атудан жарыс өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
– спорттың әскери-қолданбалы түрлеріне қызығушылықты дамыту;
– Қазақстандық патриотизмді және өз отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
– ату дағдыларын жетілдіру, студенттерді іріктеу және облыстық жарыстарға дайындау.
Қазылар алқасының құрамы Екібастұз қаласы АӘТД әдіскері А.С. Исин, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Е.А.Полупанова, Н.Ф.Середюк болды. Жарысқа пневматикалық винтовкадан атудан жақсы нәтиже көрсеткен 20-дан астам студенттер, соның ішінде колледж ұлдары мен қыздары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Студенттерді оқ ату жарысына белсене қатысқандарымен құттықтай отыра, барлығына әскери қолданбалы спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізулерін және де одан әрі жеңістер тілейміз!