2023 ж. 05 қыркүйек күні – Қазақстан халқы тілдері күні. Атаулы күннің аясында бір уақытта Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 1 курс студенттері қазақ тілінде диктант жазды. Диктантқа 135 студент қатысты.Диктанттың тақырыбы – “Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы”. Барлығы – 200 сөз. Жалпықазақстандық диктантты өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Жұмабекова Рысты Айтмағамбетовна мен Махметова Сандуғаш Темірболатовна.