«Төрт токсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында 2023 жылғы 7 қыркүйекте Дихан Ерасыл, Кенжеағын Әлиахмет, Сабыр Айбек колледж студенттері шешендік өнерді оқыту үшін республиканың белгілі айтыскерлерін зум вебинар форматта тыңдады.
Вебинар мәдениет негіздерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың музыкалық және эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Шығармашылық тұлғаны дамыту процесінде поэтикалық, шешендік өнерді іске асыруға мүмкіндік беретін маңызды міндет.
Ұйымдастырушылар «Ақындар айтысы» байқауының мақсаттары, міндеттері, жоспары, ақындар айтысының шарттары мен тәртібі туралы айтты.