2023 жылғы 12 қыркүйек күні  Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде  «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясында «Сөз зергері-өрнектеген өмірді» ақиық ақындарға арналған Портреттік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің  шығармашылық қабілеттерін арттыру, тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Аталған іс-шарада 1 курс студенттері қазіргі заманауи ақындардың өнер жолымен танысып, өз ойларын  ортаға салып, пікір алысты.