2023 жылдың 11 қыркүйегінде колледжде ашық сабақ өтті, онда студенттер «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени – ағарту жобасының тұжырымдамасымен танысты.
Жастар ісі жөніндегі инспектор А.К. Смаилова тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды, жоба мақсаты қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу болып табылады.
Жобаның міндеттері: Өз Отанына деген мақтаныш сезімін, Қазақстан халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту, оны одан әрі байыту; білім алушыларда халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіну негізінде толеранттылық мәдениетін тәрбиелеу; қазақ халқының мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау.
Сонымен қатар, «Ақындар айтысы» тұжырымдамасы мен негізгі деректемелерін өткізу кезеңін көрсеткен ақпаратпен бөлісті.