2023 жылғы 14 кыркүйек Қ. Пішенбаев Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №63 топ студенттерімен бірге белгілі қазақ жазушысы Оралхан Бөкеевтің 80 жылдығына арналған «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» атты библиокросс өткізілды. Кітапханашы О. В. Кожемяк студенттерге жазушының шығармашылығы туралы айтып, “Алтайдың асыл перзенті”презентациясын көрсетті. Студенттер «Сиқырлы сөз шебері» видеосын көріп, Оралхан Бөкеевтің шығармаларын талқылауға қатысты.