Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде колледжде сенбілік өтті. Сенбілік өткізу үшін арнайы жоспар құрылып, әр топқа учаске бекітілді, студенттермен сенбілікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.
Сенбілік күні күн ашық, жылы әрі шуақты болды. Студенттер аумақ тазалауға қажетті құрал-жабдықтарды алып, өндірістік оқыту шеберлері мен кураторлар аумақты қуана-қуана ретке келтірді. Біреу жапырақтар сыпырды, біреу оны үйінділерге салды, енді біреуі арнайы қапшықтарға жинап, қоқысқа апарды.
Барлығы шаршаған, бірақ керемет көңіл-күймен жұмысты аяқтады. Өз жұмысының нәтижесін көру сондай жағымды болды. Сенбілік белсенді түрде өтті.
Өндірістік оқыту шеберлері де, студенттер де өздеріне және жасаған жұмыстарына риза болды. Жарайсыздар!