2023 жылғы 3 қазанда колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл шарттары» атты брейн-ринг өтті.
Брейн-ринг жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ойында қазылар алқасы құрамында басшысының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ж. Садыкова және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің төрағасы А. К. Смайлова болды. Ол өз сөзінде: «Командалар ойынға жауапкершілікпен дайындалып, заңнаманы үйренгені анық. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талдағанын атап өтті».
Бірінші кезеңде қатысушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, ал екінші кезеңде зияткерлік сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында команда жеңімпаздарына дипломдар табысталды.