2023ж. 04 қазан күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясында студенттердің мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосу жөнінде «Қазіргі қазақ тілінің жағдайы» тақырыбында презентация қорғау ұйымдастырылды. Презентация қорғауға 1 курс студенттері қатысты. Әр топтан 3 студент таңдалып, ортаға шығып, өз жобаларын қорғады. Іс-шараның соңында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары қорытынды шығарды.
Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл.