2023 жылғы 12 қазанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж жобасы» аясында белгілі қазақстандық ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған “Өлең кернеп барады жүрегімді” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Аталған байқауға бірінші курс студенттері белсене қатысты.
Кітапханашы О. В. Кожемяк студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, содан кейін барлығы «Өлеңім-сыйым халқыма» атты Мұзафар Әлімбаев туралы бейнеролик тамашалады.
Байқауға №60, №63,№ 64, №65 топ студенттері ақынның өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасы Сандугаш Темирболатовна, Махаббат Мейрамовна, Наталья Александровна оқырмандардың өнерін бағалап, грамоталар табыс етті. 1 орынды №60 топ, екінші орынды №64 және №65 топтар, 3 орынды №63 топ иеленді.