19.10.2023 жылы Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері есірткі заттарын қолданудың алдын алу мақсатында құрылған “Stand Up есірткіге қарсы” қалалық іс-шарасына қатысты. Іс-шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Әр команда мұқият дайындалды, нашақорлыққа тәуелділік тақырыптары әзіл түрінде қозғалды және салауатты өмір салтын ұстану туралы байыпты айтылды.
Тек сау адам ғана бақытты бола алады. Әрқайсымызға спортпен шұғылдану керек, пайдалы және қызықты нәрсемен айналысу керек. Алға ұмтылып, шығармашылық қабілеттерімізді дамытуымыз керек. Әрқайсымыз есірткіге – ЖОҚ деп айта білуіміз керек!