04.04.2024 жылы Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша 1 және 2 курс студенттерімен тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу болды.
Іс-шара барысында студенттер зорлық-зомбылықтың физикалық, жыныстық, моральдық, эмоционалды және ақыл-ой категориялары мен формаларымен танысты. Студенттер адамдар неге зорлық-зомбылық көрсетеді? Зорлық-зомбылықтың құрбаны кім болуы мүмкін, ол қалай көрінеді? Бұл адамға көмек керек пе? Адамның ренжігенін қандай белгілерден түсінуге болады? Егер әңгіме нәтиже бермесе не істеу керек және қайда жүгінуге болады деген өзекті сұрақтарға жауап берді.
Тренинг барысында студенттер қылмыскер мен жәбірленушінің рөлін көрсетіп, онда олар әртүрлі жағдайларда туындайтын кез келген мәселені шешуге болатынын анықтады.
Бұл мәселені шешу үшін кураторға, колледж әкімшілігіне, психологқа, психотерапевтке, құқық қорғау органдарына немесе қаладағы зорлық-зомбылықтан қолдау тобына хабарласуға болады.