2024 жылдың 10 сәуірінде Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында “Теміржол көлігі технологиясы” құзыреттілігі бойынша өңірлік кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.
Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің қатысушылары, екі студент Тілектесов Әли мен Базилов Абдулкарим, 4 курс 41 топ студенттері.
Қатысушылар автотіркегіш механизмін бөлшектеу, құрастыру және тексеру, доңғалақ жұбының сырғанау бетінің жай-күйін тексеру, электр тізбегін құрастыру және жолаушылар вагонының бөліп таратқыш қалқанның электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша дағдыларын көрсетті.
Байқауды ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, бұл бас сарапшы Қабасов Б.Д., бас сарапшының орынбасары Шаймарданова Б.К., тәуелсіз сарапшы Давлятчин Е.М.