2024 жылғы 15 сәуірінде Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ЦӘК техникалық пәндер апталығы аясында 07130100 Электр жабдықтары мамандығының бірінші және үшінші курс студенттері мен колледж түлектерінің арасында «ЭНЕРГИЯ: ӨТКЕНІ, ҚАЗІРІ, БОЛАШАҚ» тақырыбында семинар өтті.
Қатысушылар Четвериков А., Ашбаева А. бірінші курс студенттері электр энергетикасының дамуы мен эволюциясымен тақырыбымен таныстырды. Нефедов В., Николаевич К., Смирнов Д., Фукалов Д., Четвериков Н. үшінші курс студенттері болашақта энергетиканы дамыту, атап айтқанда робототехника, сымсыз энергия және т.б. жұмыстарын ұсынды. Ал осы семинардың түлектері арасынан Веселова Е., Игнатова Д., Зейнелкабиден М., Катков П. шақырылып, студенттерге өндірісте жұмыс істеу туралы айтып берді. Жалпы семинар қызықты өтті. Семинарға қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.