«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК 2016 жылғы қарашаның 14-нен бастап 18-не дейін жылжымалы құрамның апталығы өтті. Іс-шаралар жоспар бойынша өтті. Апталық жалпы өндірістік оқыту шебері Л.К.Усембаева екінші курстың тобымен «Менің мамандығым – менің тандауым» зияткерлік ойынын өткізіп бастады.
Бұл ойынға №9 топ студенттері Савотин Николай, Филипов Иван және т.б. қатысты. Студенттер үш топқа бөлінді. Зияткерлік ойынында қолданылған сауалдар логика сұрақтарына және арнайы технология пәніне байланысты болды. Студенттер белсенділік пен зерделілік танытты. Ойын соңында 2 топ женімпаз болды. Студенттер сыйлықтармен мадақталды.















