2024 жылғы 05 маусым күні Павлодар түсті металлургия колледжі базасында «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс», «Слесарлық іс» бағыттары бойынша колледж студенттері арасында «Қазақстан қазынасы» тақырыбы бойынша облыстық инсталляция конкурсы өтті.
Конкурстық жұмыстар «Тарих және мәдениет ескерткіштері», «Табиғат ескерткіштері», «Қасиетті Қазақстан», «Филигрань» номинациялары бойынша қабылданды.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенті Пух Павел «Ырғызбай Досханұлы кесенесі» монетасын жасап, «Қасиетті Қазақстан» номинациясы бойынша 3 орын алды, жетекшілері Е.Т.Касымов, Т.К.Кожанова.