
2025 жылғы 17 наурыз күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №68 топ студенттерімен «Қазақстанның салт-дәстүрлері дерек көздерінде» атты кітапханалық квест өткізілді.
Мақсаты: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен қызығушылықтарын дамыту, патриоттық сезімдерін ояту.
Кітапханашы О.В.Кожемяк студенттерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, киімдері мен қолданбалы өнері туралы көрмеден кітаптар ұсынды.
Квест – ойын барысында студенттер тапсырмалар орындап, қазақ дәстүрлері, ұлттық ойындар, ою-өрнектер туралы өз ойларын білдірді. Олар сұрақтарға жауап беріп, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері, отбасылық мерекелер мен «Құдалық», «Қыз ұзату», «Тұсау кесер» рәсімдері, қазақ тағамдары мен ұлттық киімдер туралы әңгімеледі.
Ойын соңында әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қазақ халқының рухани өмірін бейнелейді, оларды білу, құрметтеу және бағалау қажет деген қорытынды жасады.
#Birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие
#оқуғақұштарколледж
#читающийколледж
#bilim наурыз 2025 pvl