2025 жылдың 17 сәуірінде қалалық орталық кітапханада журналист, жазушы, Павлодар қаласының тумасы Сергей Александрович Горбуновтың туғанына 75 жыл толуына орай «Жить интересно!» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кітапханашы С.М. Лисишина «Журналист, писатель, гражданин» бейнебаяны, жазушының «У микрофона автор» сұхбатын көрсете отыра А.С.Горбуновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады.
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері М.Арапан, Я.Михайличенко, Д.Карпенко А.С.Горбуновтың «Улетели лебеди», «Рассвет», «Белый пароход» атты өлеңдерін оқыды. Іс-шараға қатысқаны үшін колледж студенттеріне орталық кітапхана директорының атынан Алғыс хаттар табыс етілді.















