2025 жылғы 24-25 сәуірде Астана қаласында «Педагогикалық серпін: жас мұғалімнің үні» I Республикалық форумы өтті. Форум талантты мұғалімдердің басын қосып, кәсіби өсу үшін жаңа идеялар мен шабыт берді. Форумға колледжімізден жас талантты ұстаз, «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Сарманова Бақытгуль Аубакировна қатысты.
Жас ұстаздың айтуынша, оған «Ұстаздық – болмыс өнері» коворкинг және әрбір жас ұстаз өз пікірін еркін білдіріп, кері байланыс алатын диалог алаңдары ерекше шабыттандырды.
Форумда білім саласының өзекті мәселелері талқыланып, пікірлестер табылды. Форум жас ұстазды тың идеялармен толықтырып, өзіне деген сенімділік пен таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімін оятты.















