2025 жылғы 29 сәуірде Екібастұз қаласының тарихи мұрасы мен өнеркәсіптік жетістіктерін насихаттауға бағытталған жоба аясында Қ. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау -кен техникалық колледжі (ЕТТК) Әзербайжанның AzTV теледидарының түсірілім тобын қабылдады.
Сапардың басты мақсаты – Екібастұз қаласының тарихы мен қазіргі дамуына арналған деректі фильм түсіру болды. Түсірілім барысында делегация колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, тау-кен ісі кабинеттерін, оқу шеберханаларын және өндірістік цехтарды көрді.
Ерекше назар тау-кен ісі пәнінің оқытушысы, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Умарова А.М.-мен және үшінші курс студенті, әкесі бастаған еңбек жолын жалғастырып жүрген жас кенші Евгений Бурмакинмен жүргізілген сұхбатқа аударылды.
AzTV арнасының бұл сапары колледж үшін маңызды оқиғаға айналып, өңірдің еңбек және мәдени тарихын халықаралық деңгейде сақтау мен ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.















