2025 жылдың 5 мамырында Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында 1 курс студенттері арасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде!» атты мәнерлеп оқу конкурсы өтті. Әділ қазылар құрамында оқытушылар Касаткина Н.П., Махметова С.Т., Мұхамеджанова Т.М. болды. Олар сайыскерлердің өнерін бағалап, келесі студенттер Ронин Артемий, Карпенко Денис, Михайличенко Ярослав, Воробьев Виталий, Ляхов Мирон, Гребенюк Максимді грамоталармен марапаттап, шығармашылық табыс тіледі.
Миллиондаған адамның өмірімен қолға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.