Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандығының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Үкімет жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі Республикалық жоспарды бекітті. Жоспар 7 бағыт пен 70 қадамды қамтиды. Бағыттардың бірі кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде бейіндік сыныптар ашу болып табылады. Осы міндетті іске асыру үшін
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі №13 және №33 ЖОББМ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған жобаға колледждің әлеуметтік серіктестігі « Railways Systems KZ» ЖШС машина жасау технологиясы бағыты бойынша қатысады. Колледж базасында токарлық іс, тігін өндірісі және киімді үлгілеу 2 мамандық бойынша бейіндік лагерь ашу дайындық жұмыстары басталды. Аталған бейіндік лагерьде оқыту 2 кезеңнен тұрады: теория-колледждің тәжірибелі педагогтарының жетекшілігімен шеберханаларда мамандыққа кіріспе және практика. Оқушылар еңбек нарығындағы мамандықтар мен талаптар туралы толығырақ білуге, карьералық перспективаларды бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік алады.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова















