2025 жылғы 13 маусымда Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Омбы мемлекеттік техникалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу ұйымдастырушысы колледждің әлеуметтік серіктесі – «Railways Systems» ЖШС өкілі сөз сөйледі. Кездесу барысында машина жасау технологиясы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Талқылау нәтижесінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім-шарт білім, ғылым, өндіріс саласындағы екі ұйымның өзара іс-әрекеті және еліміздің тиісті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыруға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, жаңа технологияларды, ғылыми әзірлемелерді, жобаларды енгізуге, студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.















