«Тaiburyl» қоғамдық бірлестігі қоры өзінің жарғылық мақсаттары мен қызмет бағыттарына сәйкес жыл сайын ҚР колледждерінің 3-4 курс техникалық мамандықтарының студенттерін қаржылай қолдауға бағытталған «Білім беруді қолдау» қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі АҚ-дан іс-тәжірибе» қайырымдылық жобасын өткізеді.
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері «Машина жасау технологиясы» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша “Taiburyl” стипендиясын алуға конкурстық іріктеуден өтті. Іс-тәжірибеден өту кәсіпорны-«ПроммашKZ» ЖШС.
2025 жылғы 17 қыркүйек күні конференция залда стипендия иегерлерінің кәсіпорын өкілдері: «Railways Systems KZ» ЖШС бас директордың персонал және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары О.О. Мячинамен, «ПроммашKZ» ЖШС цех бастығының орынбасары
А.Т. Нуркетаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттер алдағы іс-тәжірибе орнымен танысып, ҚТ және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтан өтті. №65 топ студенті Нурланов Санжар компанияға сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, стипендия иегерлері кәсіби маман болу үшін аянбай еңбек ететінін айтты.















