Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында “Студенттердің көзімен отбасылық құндылықтар” психологиялық тренингі өтті. Іс-шараның мақсаты: отбасы ұғымына оң көзқарасты және отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Отбасы-күрделі көпфункционалды жүйе. Отбасылық қатынастар көбінесе оның сипаты мен жауап беру тәсілдерін анықтайды. Отбасы сонымен қатар өмірлік қиындықтарды жеңудің маңызды ресурсы болып табылады және бұл барлық адамдар үшін ең маңызды құндылық.
Тренинг барысында қатысушылар өз отбасы туралы, оның адам өміріндегі маңызы мен бақытты отбасының құпиялары туралы айтты. Әрі қарай студенттер “Қауымдастық”, “Отбасылық құндылықтар ағашы” жаттығуларына және викторинаа қатысты. Іс-шара соңында олар осы тақырыпта кластер жасады.
#Адал_азамат
#Адал_азамат_ekb
#Адал_азамат_pvl
#Отбасылыққұндылықтар
#Семейныеценности