Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінде “Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы” тақырыбында “Құқықтық білімнің бірыңғай күні” іс-шараларының өткізілуіне байланысты апта сайын Екібастұз ҚП қатысуымен дәрістер өткізіледі және қылмыстық ұйымдардың алаяқтық әрекеттері туралы баяндайтын бейнероликтер көрсетіледі.
Іс-шаралардың мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу болып табылады. Осы іс-шара аясында Екібастұз және Павлодар қаласының ПБ өкілдерімен бірнеше рет кездесулер өтті. Олар әңгімелерінде жасөспірімдерге есірткіні, әсіресе синтетиканы қолданудың зияны мен ауыр зардаптарын түсіндірді. Олар сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктің қай жастан басталатынын және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді. Әңгіме барысында қатысушылар қылмыстың құрбаны болмау жолымен таныстырып, олардың құқықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін адамдар мен интернет-сайттардың ықпалына түспеу туралы ұсыныстар берді.















