2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл еңбекке, кәсіби шеберлікке және жұмысшы мамандықтарының қоғам дамуына қосатын үлесіне ерекше мән берілетінін көрсетеді.
Осы бастама аясында «New Vision Team» қоғамдық қоры Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «100 Еңбек жұлдызы» облыстық жұмысшы мамандықтар «Талапты жас» форумын ұйымдастырды.
Форумның мақсаты — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбекқор әрі дарынды жастарды анықтау, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттау.
Форумға Павлодар облысының қала-аудандарынан келген жұмысшы мамандықтарының жас өкілдері қатысты.
2025 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар қаласында өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас мамандар мен өндірістік кәсіпорын өкілдерін біріктірген жұмысшы мамандықтар форумы өтті.
Форумға «Қ. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжін» КМҚК «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша 3-курс студенті Валеев Тимур Рустамович таныстырды.
Тимур электромонтер мамандығын жүрек қалауымен таңдап, еңбек әулетінің жолын жалғастырып келеді. Ол аға буынның тәжірибесін бойына сіңіріп, қазіргі өмірді қауіпсіздік пен тұрақтылықсыз елестету мүмкін еместігін терең түсіне отырып, үлкен жауапкершілікті абыроймен атқаруда.
Жас мамандардың облыстық форумына қатысушылар үшін жаңа білім алуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, жанашыр жандармен танысуға және өз кәсіби болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік берді.















