Колледжде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарының білім алушылары арасында 2026 жылғы 23 ақпан мен 26 мамыр аралығында өтетін «Колледждің үздік 100 студенті» конкурсының колледжішілік кезеңі басталды.
Конкурстың мақсаты
Үздік студенттерді анықтау, марапаттау және қолдау, білім алушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ынталандыру және көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Өткізу тәртібі
Колледжішілік кезең ТжКББ ұйымдарында 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Әрбір мамандықтан бейіні бойынша 3 студенттен ұсынылады.
Колледжішілік кезең қорытындысы бойынша ТжКББ ұйымынан өңірлік кезеңге 5 (бес) студенттен артық емес жеңімпаз жолданады.
Конкурстың негізгі міндеттері:
үздік студенттерді қолдау және ілгерілету;
кәсіби құзыреттерін дамыту;
көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру;
шеберлік сабақтары, тренингтер және білім беру бағдарламалары арқылы тұлғалық және кәсіби дамуына жағдай жасау.
Конкурс талантты жастарды қолдаудың және болашақ кадрлық әлеуетті қалыптастырудың маңызды кезеңі болып табылады.















