15.03.2026 жылы колледжде студенттер үшін әңгімелесуге дайындық бойынша тренинг өткізілді. Психолог Т.Мұхамеджанова сұхбаттан сәтті өтіп, жұмысқа орналасу туралы кеңестерімен бөлісті. Ол үшін:
– Компанияны және бос орынды алдын ала зерттеу
– Өзіңіз туралы түйіндеме мен әңгіме дайындау
– Сіздің сыртқы келбетіңізге назар аудару
– Сенімді және позитивті болу
– Жұмыс туралы сұрақтар қою
– Компанияға қызығушылық таныту
Тренинг барысында студенттер жұмысқа орналасар алдында әңгімелесуден сәтті өтуін рөлдеп көрсетті. Жұмыс берушілердің сұрақтарының қателері мен болашақ мамандардың жауаптары пысықталды. Осылайша, болашақ түлектер табысты жұмысқа орналасу үшін құнды кеңестер мен құралдар алды.















