26.03.2026 жылы колледж денсаулықтың маңызды мәселелерін талқылау үшін студенттерге гинекол дәрігерлерімен және урологпен кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: студенттердің денсаулық пен қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, жастар арасында денсаулыққа қауіп-қатерді азайту.
Іс-шарада ерте жүктілік мәселелері қозғалды; АИТВ: берілу жолдары, белгілері және емі. Психологпен салауатты қарым-қатынас пен қауіпсіздік, болашақты жоспарлау, сондай-ақ дәрігердің тексеруінен өту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақтар қойып, маңызды ақпараттар алды.