Интернетте уақытты басқару және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту мақсатында психолог Т.Мұхамеджанова студенттермен “Жастардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің әсері” тақырыбында дәріс өткізді. Онда әлеуметтік медианы пайдаланудың оң және теріс жақтары, оның психикалық денсаулыққа әсері және жағымсыз жақтарын жеңу стратегиялары қарастырылды. Студенттерге әлеуметтік медиа мазмұнын сыни тұрғыдан бағалауға, уақытты басқару және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға, онлайн және офлайн өмір арасындағы салауатты тепе-теңдікті сақтау ұсынылды.















