К.Пшенбаев атындағы «Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Оразымбетова Асия Асановна «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты облыстық байқауға қатысты.
Байқау облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің педагогтері арасында екі кезең бойынша өткізілді.
Іріктеу кезеңінен сәтті өткен Асия Асановна «Контентмейкер мұғалім» номинациясы бойынша бақ сынап, байқауға қатысушы сертификатына ие болды.
Осындай кәсіби іс-шараларға қатысу педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және педагогикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Асия Асановнаны байқауға қатысуымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыстар, шығармашылық шабыт, тың идеялар мен инновациялық жетістіктер тілейміз!