2026 жылғы 4 қарашада Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің базасында Екібастұз қаласындағы колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — ЕКИТИ командасы;
2-орын — Қ. Пішенбаев атындағы ЕГТК командасы;
3-орын — ЕПК командасы.
Жарысты ұйымдастырушылар — С. К. Рыспаевтың жетекшілігімен жұмыс істейтін «Екібастұз ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге сондай-ақ Кузьмин Анатолий Владимирович, Жубиров Ахмет Елубаевич, Баяндинов Мадигали Рахимбекұлы, Мукатаев Жумат Лұғытаевич және Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. К. Жұмабаев қатысты.