2026 жылғы 4–6 қараша аралығында К. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері Аскапов Еркежан мен Мокрослоев Владислав техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында тау-кен металлургия саласының мамандықтары бойынша өткен Республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысты.
Байқауға Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларынан: Павлодар, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Екібастұз қалаларынан келген студенттер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Мокрослоев Владислав жоғары кәсіби білімін және практикалық дағдыларын көрсетіп, I орынға ие болды. Ал Аскапов Еркежан байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Студенттерді байқауға арнайы пәндер оқытушысы Иманкулова Жамила Байтурсыновна дайындады.
Студенттеріміз бен олардың жетекшісін лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби биіктерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!















