К. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің оқытушылары Оразымбетова Асия Асановна мен Гладышева Марина Барлыбаевна «Кәсіптік білім беруде жасанды интеллектіні енгізудің 1000 идеясы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнен сәтті өткен педагогтер екінші кезеңге қатысып, жасанды интеллекттің заманауи технологияларын меңгеруге және оларды білім беру үдерісіне енгізуге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Конференция қорытындысы бойынша екі оқытушы да сертификаттармен марапатталды.
Педагогтерді конференцияға сәтті қатысуларымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби жетістіктерге, шығармашылық табыстарға және білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуде толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!