2023 жылғы 9 қыркүйекте дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Е.А. Полупанова, топ шебері Г. Ж. Опабекова және № 61 тобы «Шахтер» қалалық саябағында Денсаулық күнінде таза ауада флеш-мобқа белсенді қатысты.
Денсаулық күні білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты дамыту мақсатында өткізіледі.
СӨС өкілдері барлығын денсаулығын нығайтуға, аптасына 150 минуттан артық дене белсенділігімен айналысуға шақырды. 2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Барлығына денсаулық» ұранымен өтеді.















