ДамиляСарсенбаева Дамели Нурбековна- арнайы пәнінің оқытушысы.

Дамели  Нурбековна ғылыми әдістемелік қызметпен белсенді айналысады, «Фолиант» баспасында қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан (2007, 2010 жж.)  «Токарлық ісі», (2008, 2010 жж.) «Металдарды кесу және дәнекерлеу» оқулықтары мен ОӘК авторы.

 Дамели  Нурбековнаның жетекшілігімен колледж студенттері «Үздік электргазбендәнекерлеуші», «Үздік токарь» (2007-2008 жж. Махамбетов Канат, Жапаров Жасулан, Абетов Айбек) облыстық конкурстарында жүлделі орындар алды. Студенттері терең білімді, білімдерінің сапасы 97-100%, орташа балы -5,0.

 Арнайы пән оқытушысы (2007 ж.) «Токарь» мамандығы бойынша біліктілік алу мен біліктілік емтихандарын растауға, теориялық тестілеуге арналған республикалық тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты. Дамели  Нурбековнаның жетістіктері (2012 ж.) «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына «Құрмет тақтасы» айдарына еліміздің тарихына енгізілді. Дамели Нурбековнаның студенттері (2012ж.) Кемеров облысы Новокузнецк қаласының «Минералды ресурстарды пайдалану мен әзірлеу технологиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары.

  Педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін, оқу-әдістемелік құралдарын, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерін мақұлдауға қатысты. (2015 ж., Алматы қаласы).


2Валяр Виктор Алексеевич- нұсқаушы -шебер.

Балаларды оқыту, оларға білім беру , ғылымды үйрету, қоғамдық өмірге баулу секілді өз таңдауының дұрыстығына ешкім күмәнданбайды. Мұғалім мәртебелі мамандық. Мұндай мамандық иесін өз ісінің шебері деп атайды.

 Біздің колледжде ондай адам бар, ол өз ісінің шебері нұсқаушы Валяр Виктор Алексеевич. Оның еңбегі студенттері, әріптестері мен ата-аналар тарапынан алғысқа бөленуде. Оқытушының барлық студенттері жыл сайын «Токарь» мамандығы бойынша облыстық конкурстарға қатысып жүлделі орындар алады.

 Сабақтарында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. «Токарлық ісі және металөңдеу» мамандығы бойынша студенттерге арналған тест тапсырмалары мен әр деңгейлік тапсырмалар әзірлемесімен айналысады. Өзінің жұмысында оқытушы проблемалық оқыту технологиясын қолданады. Әрбір студенттің проблемалық ойлануларына мәжбүрлейді. Студенттерді шығармашылық белсенділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Жұмысына деген көзқарасы сапалы, өте іскер, ынталы және жауапты педагог, студенттерді токарлық станокта жұмыс істеуге үйретеді. Өмірлік тәжірибесі, педагогикалық бақылауы  жұмысының нәтижелерінде  қызметкердің жеке қасиеттері өзінің адалдығын, мейірімділігін, дүниетанымын, ой-пікірін, өзіндік ұстанымын көрсетті.

 

СкворцовСкворцов Владимир Ильич-  «Жылжымалы құрам» арнайы технология оқытушысы.

Білімі жоғары, Екібастұз инженерлік-техникалық институты, инженер-механик, 2002ж. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Келесі оқулықтардың авторы: «Материалтану және электрматериалтану негіздері», «Фолиант» баспасы, Астана қаласы, 2009 жыл.

«Темір жол жылжымалы құрамын техникалық күту» «Фолиант» баспасы, Астана қаласы, 2010 жыл.

Жетістіктері: Көмір өнеркәсібінің Құрметті қызметкері – 2009ж, «ІІ, ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» медалі -2010-2013жж., облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасы-2011ж.