«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі аясында 2021 жылғы 10 ақпанда «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК психологы Т.М.Мухамеджанова ата-аналарға арналған «Отбасы-адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл баланың жүрегінде орын алатын қасиеттерді анықтау. Махаббат, шындық, шыдамдылық, шыншылдық, қамқорлық – тек жүректен шығады. Жүректен шыққан қасиеттер мәңгілік болып есептеледі. Ата-аналар-баланың күнделікті басшылыққа алатын үлгілері. Баланың бойындағы моральдық қажеттіліктерді тәрбиелеу-ата-ананың басты міндеті болып табылады.