2015 жылдың 18 мамырынан бастап 22 мамыр аралығында Қ. Пішенбаев атындығы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Референт-хатшы» және «Тігінші» мамандықтары бойынша апталық өтті. Апталық аталмыш мамандық бойынша оқитын студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Құрылған жоспар бойынша «Кәнеки, қыздар!», «Студенттердің шығармашылық көрінісі» атты қызықты жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, №6 топта өндірістік оқыту пәнінен «Деректер базасын басқару жүйесі» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында Колумбаева Ризагуль, Сейтенова Айдана, Елтай Камшат, Бахыт Айсулу сынды студенттер өз білім дәрежелерін көрсете білді.

20150521_121900

 

20150521_121616