09.04 – 16.04.2018 ж аралығында Қ.Пішенбаев атындағы «Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде»  математика, информатика және химия  пәндер апталығы өтті. Жоспар бойынша апта бойы, өткізілген іс-шаралардың барлығы ғарыш кеңістігі тақырыбына  бағытталды.

Апта бойы студенттер косманавтиканың негізін қалаған, физика, математика, химия ғылымдарын жақсы меңгерген, аэродинамика, ракета техникасының авторы

Циалковский К.Э., бірінші жер серігін, бірінші космос кораблін ойлап тапқан

Королев С.П., адамдарға жер мен жұлдыздар арасында көпір сыйлаған бірінші ғарышкер  Ю.А. Гагарин  сынды әйгілі адамдардың өмірбаяны мен еңбектеріне мән берді. Қазақстандықтар үшін ғарышкерлер күні ерекше мереке, себебі ғарышқа аттанатын жол

біздің Байкоңырда.

Студенттер қазақстандық ғарышкерлер Токтар Аубакиров,  Талгат Мусабаев,  Айдын Алимбетов туралы мақтанышпен ой бөлісті.

Информатика пән оқытушысы Садыкова Г.Ж.,  І –курс студенттері арасында  «Не? Қайда? Қашан?»  атты интерактивті ойын-сайысын өткізіп, студенттердің білімдерін ғарыштық және астрономиялық терминдермен толықтырды. Тапсырмалар өте қызықты болып, ойын көңілді өтті. Қатысушы студенттердің бәрі тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Химия пән оқытушысы Демина Л.Н. –  №22, №23, №25, №26 топтар студенттерімен «Білгірлер турнирі» атты интеллектуалды ойын-сайыс өткізді. Студенттер сайысқа белсене қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Математика пәні оқытушысы Абикеева Ж.А.,   ІІ курс студенттерін аралас екі команда құрып, жұлдыздар әлеміне математикалық тапсырмалармен саяхат жасады. Ойында бес сайыс өткізілді. Ойын қызықты да, көңілді өтті. Қатысушылар мадақтама, алғыс  қағаздары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Апталық барысында студенттер, оқулықта жоқ жаңа мағлұматтармен танысты. Интеллектуалды сайыстар  студенттердің пәнге қызығушылықтарын, логикалық ойлау , тапқырлық қабілеттерін  дамыту үшін өткізілді. Пән апталықтарын ұйымдастыру студенттер үшін маңызы зор.