«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты әлемге танылған жобасына жастардың назарын аудару, сонымен бірге мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау мақсатында студенттер арасында «National bookdating» акциясы өткізілді, қатысқандар саны 220 адам.

  Акция барысында топтарда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі    100 жаңа оқулық» тақырыбында  ақпараттық сағаттар мен дөңгелек үстел өтті. Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Акмолдина У.К.  қазақ тіліне аударылған кітаптар мен оқулықтар туралы әңгімеледі және студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

  Бұл акция гуманитарлық білім беруді дамытуға, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиеге тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.