2018 жылғы 27 сәуірде Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі базасында ТжКБ ұйымдарында педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері арасында  «Инновациялық педагогикалық пікірлер жәрмеңкесі» облыстық фестиваль-конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты педагогикалық қызметкерлердің тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибесін айқындау және тарату болды.  Фестиваль-конкурсқа Павлодар облысының ТжКБ кәсіпорындарының 13 педагогі қатысты. Біздің колледжден арнайы пән оқытушысы Оразымбетова Асия Асановна қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша 1-орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.А.Мулькебаеваға (Павлодар политехникалық жоғары колледжі), 2-орын арнайы пән оқытушысы Р.В.Сапиновқа (Павлодар машинажасау колледжі), 3-орын ақпараттық технологиялар бойынша арнайы пән оқытушысы П.С.Стадникке (Павлодар басқару колледжі) және  арнайы пән оқытушысы  Ж.А.Абжамаловаға (Павлодар мұнай-газ колледжі) берілді, қалған қатысушыларға фестиваль-конкурсының сертификаттары тапсырылды.