2018 жылғы 27 сәуірде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Түлек – 2018» бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық мемлекеттік дамыту бағдарламасының «Президенттің 5 әлеуметтік бастамашылығы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өтті.

 Жәрмеңкенің мақсаты ПМУ-нің жас маман-түлектерін даярлау сапасы туралы пікірлерін және кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің білім, машық, дағдыларына және құзіреттілігіне қойылатын талаптарын айқындау.

 «Түлек – 2018» бос орындар жәрмеңкесіне Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК өкілдері әдіскер Р.Жумабекова, кадр бөлімінің меңгерушісі Г.Аяшинова қатысты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша университет түлегі  Адильбекова Карина Бакытбековна өзінің кәсіби қызметін осы колледжде жалғастырғысы келетінін білдірді.