2021 жылы 31 наурыз күні «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК индустриялдық кеңес отырысы өтті.

ИК консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ИК мақсаты: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы және стратегиялық қажеттілігі бойынша консультациялар мен ұсынымдар беру (ТжКБ).

Компанияның, жеке кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша ИК құрамы бекітілді, төраға мен хатшы сайланды, ірі кәсіпорындардың мамандарынан, шағын және орта бизнес өкілдерінен 6 техникалық комитет құрылды: Олар:  «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шығыс» кеніші «ЕЭК» АҚ, « Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясы», «ПРоммашКЗ» ЖШС, «ТАЙЛОР-С Тігін фабрикасы» ЖШС,  «Чудодей» ЖШС, «Абдалимова» ЖК, «Асылым» ЖК.

Колледждің ИК төрағасы–«Богатырь Көмір» ЖШС-аға механигі В.В. Киреев болып бекітілді.