2022 жылы 20 мамыр күні облыс бойынша бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ж.Садыкова «Балалар жылы аясында балаларды әлеуметтік қолдау» мәселесі жөнінде талқылады. Президент Қасым-Жомарт Токаев өзінің жаңа жылдық жолдауында 2022 жыл балалар жылы деп жариялап, балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Бұл олардың құқықтарын қорғау, білімге, медициналық қызметтерге қол жеткізу, әлеуметтік қамсыздандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықты жою және алдын-алу.
Мемлекет басшысы атап өткендей, балалар жылы ұрандар мен мерекелік іс-шараларды өткізу емес, ең алдымен, баланы қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында билік органдары тарапынан нақты шаралар қабылдауды білдіреді: «Білімді бала» балалардың сапалы білім алуға және жеке тұлғаны дамытуға құқықтарын іске асыру, оқу-тәрбие процесінде тәрбиелік құрамдауышты күшейту), «Дені сау бала» (балалардың денсаулығын нығайтуға және қорғауға құқықтарын, мүгедек балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын іске асыру), «Жетімсіз ел» (жетім балалардың құқықтарын іске асыру жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағу), «Отбасы-қауіпсіз мекен» (баланың аман-есен отбасында тәрбиелеуге, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттауға құқықтарын іске асыру), «BALA QORǴAÝ» (балалардың қауіпсіз даму жағдайлары құқықтарын іске асыру). Ересек адамның кез-келген проблемасы бала кезінен басталады, болашақта проблемаларды болдырмас үшін біз балаларымыз үшін бақытты балалық шақты қамтамасыз етуіміз керек.