24 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне және балалар жылы аясында оқу жылының аяқталуына орай Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында «1 курс студенттерінің балалық шаққа саяхаты» атты қызықты іс-шара өтті. Кітапханашы О.В. Кожемякпен бірге студенттер атақты ертегілерді еске алып, ертегі кейіпкерлерін тапты, жұмбақтар, викториналық сұрақтарға жауап беріп, тесттер, ребустар мен сөзжұмбақтар шешті, балалар әндерін шырқады.
Студенттер «Кітапхана лабиринті» квестіне қатысып, кітап құрылымының элементтерін оқып, кітап шифрін анықтады және де сөреден өз орнын табуды үйренді.
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ж. Садыкова студенттерді Балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар таратты.
Мереке соңында қатысушылар дәмді тортпен шай ішті. Аталған іс-шара студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлады.