2022 жылдың 16 мамырынан 03 маусымына дейін “Талап” КЕАҚ ұйымдастырған Екібастұз өңірінің 24 педагогы үшін Екібастұз политехникалық колледжінің базасында алғаш рет “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогы: еңбек функцияларын арттыру” білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Курсты “Талап” КЕАҚ штаттан тыс тренері Жумабекова Рысты Айтмаганбетовна өткізеді.
Оқыту барысында тыңдаушылар ТжКБ ұйымдарындағы академиялық дербестік ерекшеліктерін зерделейді, кәсіптік стандарттарға, жұмыс берушілердің талаптарына, Worldskills стандарттарына сәйкес модульдер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын меңгереді.
Курстың 2-ші аптасында педагогтар аймақтағы кәсіпорын базасында тағылымдамадан өтеді. Қосымша тыңдаушылар инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктерін зерделейді.
Сондай-ақ, курс тыңдаушылары білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды, жұмыста Web-ресурстарды кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін зерделейді.
Біліктілікті арттыру курсының соңында тыңдаушылар дайындаған практикалық кейстерді қорғайды.