Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидалары» бұйрығын орындау мақсатында 2022 жылғы 24 мамыр мен 27 мамыр аралығында Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі базасында әскери-дала жиыны өткізілді, оған Қ. Пішенбаев атындағы ЕТТК, ЕКИТИ, ИНЕУЕК, медколледж студенттері қатысты.
Студенттер Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің әдіскері А.Е. Исиннің және АӘД оқытушылары басшылығымен оқу жаттығу жұмыстарын жасады.
Оқу жиындары барысында оқу бағдарламасының келесі мәселелері өткізілді:
-тактикалық дайындық;
-жалпыәскери жарғылар;
-Саптық дайындық;
-әскери-медициналық дайындық;
-физикалық дайындық.
– Калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру, тактикалық дайындық
– Саптық дайындық
Әскери-дала жиындары аяқталғаннан кейін студенттер алғашқы әскери дайындық курсы барысында білімдерін толықтырды.
Әскери-дала жиындарын өткізу тәжірибесі студенттерге патриотизм, тәртіптілік, тапқырлық, бөлімшелердегі бірлік, өзінің функционалдық міндеттеріне адал қарау сияқты қасиеттерді дарытуға мүмкіндік беретінін куәландырады.