Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған «Оқуға шақыру» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде студенттер өз мамандықтары бойынша оқытылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу әдебиеттері ұсынылды. Қыркүйек айының 4- 8 аралығы Қазақстан Республикасы тілдері күніне орай колледж кітапханашысы О. В. Кожемяк ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауында жастар-қазақстанның болашағы және еліміздің өркендеуі осыған тікелей байланысты, сондықтан жаңа ұрпаққа білім алу өте маңызды деп атап өткенін білдіре отырып, №41, №60, № 61, № 62, №63, №65 топ студенттеріне арналған кітап көрмесінде әдебиеттерге шолу жасады.