2023 жылғы 19 қыркүйек күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясында «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы» тақырыбында 1,2 курс арасында пікірталас өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін ояту, қазақтың ежелгі өнерін дәріптеу. Айтыс – атадан балаға мирас болып келген, халқымыздың рухани мәдениетінің бірі., сөз барымтасы. Айтыс қай кезде болса да халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін орындап, ел үдесінен шығып отырған. Басқа өнер түрлерінен ерекшелігі де сол, ол дәл сол сәтте айтылып, өзінің тыңдарманымен қауышып жатады. Тәуелсіздік жылдарындағы айтыстардың бұрынғы айтыстардан ерекшелігінің бірі – ақындар халықтың жағдайын, ел мұңын айтып, қордаланған өзекті мәселелерді шешуге ат салыса бастады. Ел мұңы көкірегі ояу, көзі ашық кез келген азаматты ойландыратыны анық. Ал айтыскер ақындар өз кезегінде осы үдеден табылып, шама-шарқы жеткенше қоғамдық мәселелерді көтеруге, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын жеріне жеткізе айтуға тырысты.
Студенттер Айтыс жайындағы пікірлерін ортаға салып, пікір алысты.
1 курс студенттері өздері дайындаған презентацияларын ортаға салып,қазіргі айтыстың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады.